Өлең, жыр, ақындар

Көңіл үшін, шіркін-ай, қажет еді

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2591
Көңіл үшін, шіркін-ай, қажет еді,
Көп болмайды бірақ та,
Жаз өтеді.
Кім шығады бұл түннен,
Кім шықпайды?
Кім жетпейді ертеңге,
Кім жетеді?
Өзгені де өзіңдей білсең еді!
Күй сәулесі болмаса гүл семеді.
Таң болып кім атады,
Кім батады?
Кім жұлдыз боп жанады,
Кім сөнеді?
Тербетеді тентек жел тың даланы.
Тас бауыр бұлт құм-шөлге бұлданады.
Кім ақтайды үмітті,
Кім ақтамай?
Кім қалмайды тарихта,
Кім қалады?
Тұрғандай-ақ бәрі де өз қолыңда,
Тағы да бір әңгіме қозғадың ба?!
Бекер!
Бекер!
Ешкімнен қорықпайды
Жыр өсірген адамдар сөз бағында!
Қай кезде де ораққа құрбан құрақ.
Талай басты алды ғой жылдам бұрап.
Сол басты алған патшаның абыройы
Сол ақынның қолында тұрған бірақ!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дұрыс па, бұрыс па?

  • 0
  • 0

Сағат бірден асыпты,
Апам іске асықты.
Бұрын мұндай болмаған,
— От жақ!— деді ол маған.

Толық

Бостан-босқа шытылмайды қабақтар

  • 0
  • 0

Бостан-босқа шытылмайды қабақтар.
Байқайсың ба,
Сенде қызық әдет бар:
Шын дарынды дұшпаныңды жамандап,

Толық

Аға берсін жанардан жас, бастан қан

  • 0
  • 0

Аға берсін жанардан жас, бастан қан,
Алайда мен қиянаттан жасқанбан.
Ал сен болсаң төркініңді жасырып,
Түскендей боп көрінесің аспаннан.

Толық

Қарап көріңіз