Өлең, жыр, ақындар

Қайран менің қызғалдақты көктемім

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2053
Қайран менің қызғалдақты көктемім!
Қалай сені беріп қойғам теп-тегін?!
А-ха-хамен,
О-хо-хомен жүргенде
Білмей қаппын мезгілімнің өткенін.
Төңірекке болған еді аты аңыз:
Сол аңызды әлі тыңдап жатамыз,
Иіліпті садағындай батырдың
Бір кездегі жебедей тік атамыз..
Көбейгенмен елдің етер тәжімі,
Сиреп біткен абысыны, ажыны,
Қандыағаштың теміржолы сияқты
Енді қазір әжеміздің әжімі.
Ойдың өзі суала ма желінше,
Басып қапты естеліктің көбін шөп.
Бір кездегі сыбызғыдай сұңғақ қыз
Енді көрсең —
Контрабас келіншек.
Біз сияқты қайғырмай да налымай
Бара жатыр көк аспанда балық-ай,
Басқа басқа...
Альбомдағы
Қалдым мен
Бір кездегі өзімді өзім танымай!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көктем боп гүлдеп көзімде

  • 0
  • 0

Көктем боп гүлдеп көзімде,
Көңілді талай бұзған бақ.
Қызығым ба еді
Кезінде

Толық

Бас пен Тарақ

  • 0
  • 0

— Біз тұрғанда, о, бауырым, туысқан,
Басқаменен кезің бар ма сиысқан?!—
Деді Тарақ бурыл Басқа менменсіп,—
Менсіз сенің күнің құрсын ұйысқан!

Толық

Ағамның жауабы

  • 0
  • 1

Өзімше бір мақтанып,
Хат жазғанмын ағама.
«Аға, қазір хат танып,
Жарып жүрмін бағаға.

Толық

Қарап көріңіз