Өлең, жыр, ақындар

Жас кездегі кемшілігің жарты айып

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3199
Жас кездегі кемшілігің жарты айып.
Ұят екен түк бітірмеу қартайып!
Енді көрсем:
Арнасына сыймаған
Асау өзен бара жатыр ортайып.
Көзді қарып найзағайдың жарқылы,
Бақыт қудық,
Даңқ қудың шарқ ұрып.
Енді көрсем:
Жататұғын дүркіреп
Өмір — өзен бара жатыр тартылып.
Кім уақытқа зәру болса —
сол ұқты:
Өлген жанның орны қашан толыпты?!
Енді көрсем:
Терең тірлік кешегі
Жаяу кешіп өтетіндей болыпты!
Қысқан сайын уақыт деген қаскүнем,
Жанарыма жиналады жас кілең.
Қиналамын
Қиналғандай
Таусылып
Бара жатқан арағына маскүнем.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаңбыр

  • 2
  • 7

Ала қашпай, елірмей,
Әдемі ырғақ тауып бір
Қап-қара бұлт негрдей
Ақ жаңбыр боп жауып тұр.

Толық

Тойымсыздық

  • 0
  • 1

Тойымсыздық,
Уайымсыздық —
Қайғы анық.
Бірақ мұны ұға бермес бай халық.

Толық

Тиыншыл Тиін

  • 0
  • 0

Қызықтырып көк тиын,
Жаз жаңғағын Ақ Тиын
Сатып-сатып тауысты,
Болды сөйтіп «табысты».

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар