Өлең, жыр, ақындар

Жүргенде жігіттіктің желіменен

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1855
Жүргенде жігіттіктің желіменен,
Тірліктен нені көріп,
Нені білем?!
Өмірден бас тартуға болғанменен,
Құтылу мүмкін емес өліміңнен!
Ұқсаймыз кей кездері біз бір аңға,
Мысалы:
Мен — барысқа,
Сіз — қыранға.
Ажалың тұрар кейде соңғы әйелде,
Немесе, ең ақырғы жүз грамда!
Азайып жастық нұры реңінде,
Апарар өмір жолы бір өлімге.
Ажалың — бір тентектің пышағында,
Ажалың — бір шофердің рулінде!
Тірліктің бар тізгіні тұрса өзіңде,
Ғажап қой!
Берілме оңай құр сезімге!
Ажалың —
Бір мықтыға
Батырсынып,
Ойланбай айта салған бір сөзіңде!
Обал ғой ерте кеткен,
Қартаймаған.
Жылдан да қымбат кейде жарты ай маған.
Өмірден сәл болса да кеш кетеді
Тірлікте өлім жайлы ерте ойлаған!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кемірген кім, ішкен кім?

  • 0
  • 1

Қағып шаңды,
Кітапшамды
Темірменен
Кемірген кім?

Толық

Сын

  • 0
  • 0

Орнын басып сынып түскен уықтың,
Шаңырақты көтеруге туыппын.
Алдыменен
Байқауынан өткенмін

Толық

Түлеген түз

  • 0
  • 0

Бір кездегі аспанның алып тоны —
Бұйра-бұйра ақ бұлттар қалыпты оңып.
Мен кеткенде жол еді бұраң-бұраң,
Сым темірдей түзетіп алыпты оны.

Толық

Қарап көріңіз