Өлең, жыр, ақындар

Жапырағын жайып ауыл терегі

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2412
Жапырағын жайып ауыл терегі,
Жас-кәріге көлеңкесін береді.
Не болса да шындықты айтып
Достардан
Өкпе естимін,
Сол ма маған керегі?
Бәрі жақсы,
Бала-шаға дін аман.
Тірлікке бұл тіл тигізбен,
Сынаман.
Бірақ өзім өлең жазып,
Сол үшін
Сөз естимін,
Сол ма менің сыбағым?!
Тұнық көлдей көрінеді түптегім
Таусылған жоқ өнердегі құт-кенім.
Бір сорлыға көмектестім,
Өзіме ол
Қарсы шықты,
Сол ма менің күткенім?!
Үмітпенен атып ылғи ақ таңым,
Адамдарды мадақтадым, мақтадым.
Сүрінгенді сүйеп едім,
Ол мені
Шалып жықты,
Сол ма менің тапқаным?!
Айтар болсам ашуланбай,
Тасымай,
Қате өзімде,
Қате менде, досым-ай!
Білмедім ғой кім екенін олардың.
...Білгенде де істер едім осылай!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түйін

  • 0
  • 0

Кім-кімге де бұл өнер қиын тиген.
Біреуге атақ,
Біреуге тиын тиген.
Шын шеберлер темірден шілтер тоқып,

Толық

Менің хатым

  • 0
  • 0

Ағам менің жырақта —
Астанада тұрағы.
Жазған хаты бірақта
Бес күнде кеп тұрады.

Толық

Шәйір және шаруа

  • 0
  • 2

Жасырмаймын;
Мен аса
Шеттеу кетпей тегімнен,
Шәйір болып тумасам,

Толық

Қарап көріңіз