Өлең, жыр, ақындар

Сүйікті сүйел

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1415
Күнге тосып,
Желге тосып арқамды,
Еңбекпенен қарсы аламын әр таңды.
Қаламсаптан пайда болған сүйел бар
Менің мынау саусағымда ортаңғы.
Қанша жақсы көргенменен қыз үнін,
Кім өзгертер алақанның сызығын.
Бар дәулетім сол сүйелдің астында,
Сол сүйелдің үстінде бар қызығым.
Сол сүйелдің астында бар мақсатым.
Сол сүйелдің үстінде бар жақсы атым.
Саусағымды жауыр қылмай қаламмен,
Өзіме өзім ырза болған жоқ сәтім.
Бар бақыты көңіл деген сарайдың
Жемісімен есептелер әр айдың.
Біреу мені даттағанда — жырыма,
Мақтағанда — сүйеліме қараймын.
Шілдедегі шөлге тартқан каналдай
Ширек ғасыр келемін мен дем алмай.
Сыбағамның жоғалмасын сеземін
Саусақтағы сол сүйелім жоғалмай!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Балшықұлы Балшықбай

  • 0
  • 0

Айна аспаннан айнала
Сәулесін күн шашады...
Саз балшықтан Айбала
Бір қуыршақ жасады.

Толық

Ана тілің – арың бұл

  • 0
  • 30

Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.

Толық

Аязда

  • 0
  • 0

Аяз үйге қуып кеп,
Бүгін сұмдық суық деп,
Қабат-қабат киіндім,
Мықтап буып-түйіндім.

Толық

Қарап көріңіз