Өлең, жыр, ақындар

Төбет пен күшік

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2038
Иығыңды жауып жылы ішікпен,
Даналықтың бальзамынан ішіп пе ең?!
Ішсең егер — түсінесің,
Қарашы,
Дәу төбетті ойнап жүрген күшікпен.
Бұл төбеттің болмағанмен шатағы,
Бөрілерге әбден аян атағы,
Ал күшікпен ойнағанда өзгеше:
Қуса — қашып,
Жетсе — құлап жатады.
Тұра салып және тағы қашады.
Қашады да
Жолдың шаңын шашады.
Шашады да
Өп-өтірік құлайды.
Құлайды да
Аузын ғана ашады.
Машықтанып күшік айла-амалға,
Ұмтылады,
Ұмтылады тағы алға.
Жұлқылайды көне күпі сияқты
Дәу төбетті «алып Ұрып» көгалға.
Қайбір кезі түсе ме екен есіне,
Бұл төбетке неге керек?
Несіне?
Өзінше әбден «умаждады»
Төбеттің
Ерке күшік шығып алып төсіне.
Кім біледі
Неменен бұл тынады.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күз

  • 0
  • 1

Жайып салып алдыңа қалағанды,
Жемісті күз кезінде келе қалды.
Жоқ еместің бәрі бар қоржынында,
Жаратпайды бірақ ол тонағанды.

Толық

Аңдар неге араз?

  • 0
  • 0

Жаңа жылдың тойында
Жақсы күлкі, ойын да.
Тамашаға жиналды
Қарсақ, Қасқыр, Қойың да.

Толық

Қаңбақ жыры

  • 0
  • 0

Қаңбақпын,
Қаңбақпын,
Өзімді алдаппын.
Желге ерсең — жерсізсің

Толық

Қарап көріңіз