Өлең, жыр, ақындар

Дауыл

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2113
Таздай сыйпап сортаң менен тақырды,
Көк шалғынды ұйпа-тұйпа жапырды.
Кір-қоқысын жағалауға лақтырып,
Көк теңізді тай қазандай сапырды.
Сай-саладан түк қалдырмай маңдағы,
Баспана іздеп безіп берді қаңбағың.
Құйын болып көтеріліп аспанға,
Қара жолдың қақты біраз шаңдағын.
Көлдің құсын дүрліктіріп,
Шулатып,
Аңшы болып қалың жыныс нуды атып,
Жапырақтың сарысынан жұрдай ғып,
Күзгі орманның кетті қанын тулатып.
Сияқты бір бұғып қалған қырғауыл,
Етек-жеңін жинап алып тұрды ауыл.
Анда-санда алай-дүлей қылатын
Ішіңде де болу керек бір дауыл!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шабан ат — жаман ат

  • 0
  • 0

Бар қыршаңқы шабан ат,
Болмас одан жаман ат!
Кімдер оны жегеді,
Сол азабын шегеді.

Толық

Үйрек

  • 0
  • 0

Таксиді көргенде
Тауықтар сасады.
Ал үйрек дегендер
Асықпай басады,

Толық

Қараша

  • 0
  • 0

Құстар да жоқ күні кеше шуласқан,
Қара бұлттан көрінбейді дулы аспан.
Ақ тұманға оранғанда хауыздар,
Алып айна сияқты екен бу басқан.

Толық

Қарап көріңіз