Өлең, жыр, ақындар

Өрік ағашы

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3428
Қыс құтылып мойнындағы міндеттен,
Қашқан қарды күн сәулесі індеткен.
Жылдағыдан ерте босап арқамыз,
Жылдағыдан ерте келді бұл көктем.
Бүршік атып өлеңнің де ұйқасы,
Шымырлады қара жердің құйқасы.
Сол құйқаның астыменен қозғалып,
Сыртқа шықты арасан су,
Шипа су.
Суыртпағы қалмағандай салқынның.
Өрісі де кеңи түсті халқымның.
Енді бұлтқа кірмейтіндей көрінді
Күміс көкте күлімдеген алтын күн.
Осы күннің,
Осы судың әсері:
Адам түгіл,
Кететіндей тас еріп!
Шиеден де,
Алмадан да ертелеу
Гүлді көйлек киіп алды жас өрік.
Қызық болды бірақ мұның ар жағы.
Адамның да,
Ағаштың да бар жаны.
Сынып түсті гүл боп бөрткен бұтақтар
Жас өрікті үсік ұрып,
Қар жауып.
Көктегенде сезім деген желігім,
Кейбіреулер алдады ғой мені мың.
Талай үсік шалғанменен өрікті,
Жоғалтпайды ол күнге деген сенімін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Одағай

  • 0
  • 0

Мана сен трамвай ішінде
Бола қап ойланған пішінде,
Таяқты әжейді көрмедің,
Түрегеп орныңды бермедің,

Толық

Іргетас

  • 0
  • 3

Шежіреміз қию-қию,
Шырғалаң.
Шырғалаңды ұқпай менің жүр балам.
Жер үстінде бір шаһарым ер жетіп,

Толық

Қақпанның жыры

  • 0
  • 0

Мен қақпанмын, қақпанмын,
Дұшпанымды тапқанмын.
Түлкіні де айлакер
Тілерсектен қапқанмын!

Толық

Қарап көріңіз