Өлең, жыр, ақындар

Ауылдағы алғашқы күн

  • 29.04.2019
  • 0
  • 1
  • 6398
Туған жерде бақыт деген бар құсың.
Туған жерсіз — бейшарасың,
Жарлысың.
Аңсаудайын аңсап келдім алыстан.
Ауыл-ана,
Аманбысың,
Армысың?!
Білесіңдер парыз барын,
Іс барын.
Менің нағыз жұмыс басты тұстарым.
Мен жоқ кезде талай келін түсіпті.
Құтты болсын!
Құтты болсын құстарың!
Бірін үзіп тақпақ болған жұлдыздың
Жыр-әлемде жеңіл емес мұң біздің.
Иә, айтпақшы,
Берік болсын баулары
Мен жоқ кезде туған талай ұл-қыздың!
Ерте кеткен азаматтың талайын
Жоқтайын да,
Естеріңе салайын.
Қақ төрінен орын алсын бейіштің
О дүниеге сапар шеккен ағайын!
Жабықпайық бірақ аңсап келгенде.
Жұтамайтын сағыныш бар, Ел, менде.
Жұма күні
Орынына аяттың
Жыр оқиын,
Тие берсін өлгенге!
Қай кезде де ұл мен қызға жарығыр
Құшағында ұстайды ұзақ кәрі қыр...
Қойыңыздар бүгін төсек салмай-ақ,
Қуаныштан көз ілмеймін бәрібір!



Пікірлер (1)

Ислам

~~~~~✓✓✓

Пікір қалдырыңыз

Қай күні кетіп балалық

  • 0
  • 0

Қай күні кетіп балалық,
Қай күні келді жігіттік?
Балалық,
Әлде шалалық,

Толық

Қиянатқа

  • 0
  • 0

Қиянатқа —
Көре тұра —
Кім шыдар!
Біреу тістер,

Толық

Тұйық

  • 1
  • 3

Өмір деген ұққанға —
Орман сұрақ, шырағым.
Бірін шауып жыққанмен,
Екеуі өсіп шығады!..

Толық

Қарап көріңіз