Өлең, жыр, ақындар

Өнердегі жас қадам

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3250
Өнердегі жас қадам
Көп нәрсені кеш білген.
Артық емен басқадан,
Кем де емеспін ешкімнен.
Шүкір, шүкір, мың шүкір!
Жоғалмайтын сиямен
Жазсам болды нәрлі өлең.
Қарыз берер бай емен,
Қарыз алар жарлы емен,
Шүкір, шүкір, мың шүкір!
Болып кетті жеңешем
Бәйбішесі көрші үйдің.
Мінезі ауыр демесең,
Жүрегі аппақ жар сүйдім,
Шүкір, шүкір, мың шүкір!
Жалбарынып жер-көкке,
Жаббарға сөз салмадым.
Алсам алдым еңбекке,
Сақал сатып алмадым.
Шүкір, шүкір, мың шүкір!
Кірсіз таза арым да,
Жоқ мойнымда қарызым.
Өзгеге айтпай дарындар
Маған айтады арызын.
Шүкір, шүкір, мың шүкір!
Шертер болсам сырымды,
Жетем деймін мұратқа.
Талай-талай сүріндім.
Жығылмадым бірақ та.
Шүкір, шүкір, мың шүкір!
Көп көрсем де елден мен,
Қызыққа әлі тойғам жоқ.
Ауру жиі келгенмен,
Ажал келе қойған жоқ.
Шүкір, шүкір, мың шүкір!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Адам мынау үйренген соң тұрмысқа

  • 0
  • 0

Адам мынау үйренген соң тұрмысқа,
Алдына оның түсе алмайды құмырсқа,
Ал бөлгенде сол еңбектің жемісін,
Артық алсам дейді пенде бір мысқал.

Толық

Жаңбыр жауар алдында

  • 0
  • 0

Бір ыстық леп аспанда да,
Таста да.
Көлеңке де болмай қалды баспана.
Күн батарда алай-дүлей құбылды

Толық

Ішік

  • 0
  • 1

Апаммен келісіп,
Алып ек бір ішік.
Көкеме ол ұнады,
Қиылып сұрады:

Толық

Қарап көріңіз