Өлең, жыр, ақындар

Басталғандай қайтадан құмар айым

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1973
Басталғандай қайтадан құмар айым
Дөңгеленіп далада туар айым.
Киіз үйдің іргесін түріп тастап,
Көкжиекке көзімді суарайын!
Жұпарменен жұптасып өлең демі,
Іші күйсін тірліктің төмендегі.
Желідегі сезімді ағытайын,
Босатайын ойымды көгендегі!
Қырды аңсаған қазақтың көп ағасы,
Қай үйден де табылар қонақасы.
Қондырайын қиялды қиясына,
Сыпырайын шабыттық томағасын!
Деп ойлаймын оңаша дара кетіп,
Дала құмар жанымды жаралы етіп.
Терезеден телмірген үй гүліндей
Өмір бірақ қалада барады өтіп!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Төрге шығу әлі бізге ерте ме

  • 0
  • 0

Төрге шығу әлі бізге ерте ме?!
Ерте болса, турасын айт еркеңе.
Мен бәрібір диваныңа шалқаймай,
Құлай кетем жеңгей жайған көрпеңе.

Толық

Ағаның «ақылы»

  • 0
  • 0

Айтайын сыр саған мен:
Дойбы ойнап бір ағаммен,
Үш-төрт рет қалдырдым,
Құмарымды қандырдым.

Толық

Жұрт менің жағдайымды білем дейді

  • 0
  • 0

Жұрт менің жағдайымды білем дейді.
Жырымды есептейді,
Түгендейді.
Мен болсам өртенемін,

Толық

Қарап көріңіз