Өлең, жыр, ақындар

Түлеген түз

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1366
Бір кездегі аспанның алып тоны —
Бұйра-бұйра ақ бұлттар қалыпты оңып.
Мен кеткенде жол еді бұраң-бұраң,
Сым темірдей түзетіп алыпты оны.
Бала кезде күй менен жыр тыңдаған
Бейтаныс боп көрінді жұртым маған.
Биігі бар, сайы бар, саласы бар —
Бір жері жоқ тулақтай жыртылмаған.
Қара толқын тәрізді қырат-қырлар,
Қалқып жүзіп барады бір аттылар.
Көкжиектің өзін де қоса жыртып,
Жібергеннен сау ма өзі тракторлар!
Табиғатқа көрсетіп өктемшілдік,
Тастақ жердің өзіне еккен шыбық.
Тырмаларын сүйретіп техника,
Төбелердің басына кеткен шығып.
Өзің жайлы кітапты бір қыс ойлап,
Асып түсті ақыннан тұрмыс-айна.
Көз қуанып жаңғырған жаңа өмірге,
Көңілімде көне ауыл тұрды сайрап.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бүиі

  • 0
  • 0

Қасына алып мені ағам,
Қой бағысып жүр едім.
Бүйі көріп даладан
Дүрсілдеді-ау жүрегім!

Толық

Таусылғанмен азаматтың амалы

  • 0
  • 0

Таусылғанмен азаматтың амалы,
Тіл таба ма санасыз бен саналы!
Бейбіт күннің өзі майдан деп едім,
Сол сөзімнен қайтқан жоқпын мен әлі.

Толық

Калошым алды өшін

  • 0
  • 0

Күнде де,
Түнде де
Сырғанай,
Сырғанай

Толық

Қарап көріңіз