Өлең, жыр, ақындар

Күншуақ

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3586
Қолдан келсе, шуақ болып кетер ем,
Сосын мәңгі қабақ шытпай өтер ем.
Сыздықтаған сәуле-душтың астында
Тулақ жонын қыздырады көтерем.
Күннің көзі тым бауырмал көктемде,
Көктем нұры, көктем жыры көп менде.
Шуақ-шарап бойын алған төбеттің,
Шаруасы жоқ кімдер келіп-кеткенде.
Күн көзіне шағылысып шың аппақ,
Қалғиды тау,
Күткені оның шын аптап.
Кәрі әжелер үй алдында бас қосып,
Қыр басында отыр шалдар шуақтап.
Қарамайтын нәсіліңе,
Түріңе
Күннің көзі — бақытыңның бірі де.
Жер басқанға шуақ керек,
Күн керек,
Күн көрсетпеу сұмдық қой, дос, тіріде!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ашу

  • 0
  • 0

Әу бастан-ақ үлесіне тиген бе,
Әдемі қыз ақмақ жанды сүйгенде;
Дұрыс сөздің дұрыстығын дәлелдеп
Өткізе алмай,

Толық

Асан мен Хасан

  • 0
  • 0

Білген адам Асанды,
Білген адам Хасанды
Екеуінің достығын
Дей алмайды жасанды.

Толық

Көктем шығып кетпесін

  • 0
  • 0

— Коньки теуіп үйренем,
Қиын дерлік несі бар!—
Күнде солай дегенмен,
Кәрім емес асығар.

Толық

Қарап көріңіз