Өлең, жыр, ақындар

Нышан

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1828
Көз ұшында тартып көктем кернейді,
Кең даланы бір қуаныш кернейді.
Көн даланың әжіміндей
Қатқақ жол
Күн көзіне алдыменен терлейді.
Бұтақтардан
Тұрған күнге қызынып
Моншақ-тамшы түседі әзер үзіліп.
Қардың мына бостығына ыза боп
Көк бет мұздың кеткен өңі бұзылып.
Алты ай қысқа қалай ғана төзесің?!
Жұрт дайындап жатыр наурыз көжесін.
Колхозшы ағай ауласының тұсынан
Өте бере уыз иісін сезесің!
Басқа құшақ —
Басқа ұяға паналар
Қызын ойлап күрсінеді аналар.
Ырдуандар қысқы ұйқыдан оянып,
Жазғы ұйқыға кетпек енді шаналар.
Қалмағандай қыстың елге бұлдары.
Сияқты аспан дымқыл сіңген былғары.
Маскүнемнің бас киімі тәрізді,
Шатырлардың құлағалы тұр қары!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ауылдастар арасында

  • 2
  • 3

Ақын болдың маңдайыңа бақ дарып,
Абыроймен жүрсін, оны атқарып,
Деп ауылдың адамдары
Көңілге

Толық

Қақпанның жыры

  • 0
  • 0

Мен қақпанмын, қақпанмын,
Дұшпанымды тапқанмын.
Түлкіні де айлакер
Тілерсектен қапқанмын!

Толық

Аю

  • 0
  • 1

Сенген қайрат, күшіне
Қоңыр аю-қорбаңбай,
Жасыл тоғай ішінде
Жүреді еркін қорғанбай.

Толық

Қарап көріңіз