Өлең, жыр, ақындар

Қылжақбас

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2801
Құрдас бізді ертіп келіп үйіне,
Былай деді бибісіне, биіне:
— Бізді қойып, ойла өзіңнің жайыңды,
Бұлар ішпей жүр дейсің бе шайыңды.
Айтып берем тақуаның жыр-әнін,
Аптабыңда керегі не сыраның?!
Бауырларын емдетіпті жуырда,
Бас қатырма, қуырам деп қуырдақ!
Бата боп па құрдастардың батасы,
Уақытыңды алмай-ақ қой ет асып!
Осы жаңа жиналыстан тарапты,
Керегі не шарап пенен арақтың?!—
Мөлдіреген жанарына жыр ұйып,
Келіншегі қойды бізге жымиып.—
— Иә, солай! Ақылды де, жарым де,
Біздің қатын кері істейді бәрін де!—
Сонда ғана жылы ұшырап төр мына,
Жүрегіміз түсті-ау әрең орнына.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Теңеу

  • 0
  • 3

Көздері қанығы
Күдіксіз таныды:
Бабамыз болыпты
Даланың балығы.

Толық

Жалғыз

  • 0
  • 0

Жалғыз түйір нәр болмайды тамырға,
Жалғыздықпен қорқытады қабыр да.
Жалғыз ішек жарытпайды күй тартып,
Жалғыз кірпіш бола алмайды қабырға.

Толық

Шаштағы бүкіл əрекет

  • 0
  • 0

Шаштағы бүкіл əрекет
Сиреуменен бітеді.
Патшалық деген бəлекет
Күйреумен барып бітеді.

Толық

Қарап көріңіз