Өлең, жыр, ақындар

Қайрақшы

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2055
Ойлан, досым, ойланба,
Өтпейтіннен жаман жоқ.
Мойтап құрал-сайманға
Мына біздей маман жоқ.
Ұстараны ептеп сен
Самай шашқа салып көр.
Сумаң-сумаң етпесе,
Мына бізге алып кел!
Айбалтаңды ептеп сен
Ақ қайыңға салып көр,
Алмас құсап өтпесе,
Мына бізге алып кел!
Шеттерінен өздерін
Шарыққа ұстап керелік.
Жарқылдатып жүздерін,
Өп-өткір ғып берелік...
Біраз жерге кісіні
Апаратын қайрат қой.
Өнсін десең ісіңді,
Өзіңді де қайрап қой!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қалтырауық

  • 0
  • 0

Ашық аспан, таза ауа,
Айнала қар етектен.
Екі бала түс ауа
Оралды үйге мектептен,

Толық

Жаңбырдан соң

  • 0
  • 0

Жалт-жұлт етіп, сарт-сұрт етіп жалт ойнап,
Жаздай жаңбыр жаумап еді — жұрт айғақ.
Бимаза жел аспан астын аралап,
Бір мезгілде алып келді бұлт айдап.

Толық

Шағылысып шағылмен күн шөлмегі

  • 0
  • 0

Шағылысып шағылмен күн шөлмегі,
Алып келген осында мың шілдені.
Безек қағып сонда да кесірткелер
Тоқтамайды тіршілік құм-шөлдегі,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар