Кетпенмін,
Кетпенмін,
Есімде өткен күн
Шаруаға қашанда
Жәрдемге жеткенмін.
Кетпенмін,
Кетпенмін,
Күс қолды өпкенмін.
Құйынмен алысып,
Құмға гүл еккенмін.
Кетпенмін,
Кетпенмін,
Жалқаудан кеткенмін.
Күштінің қолында
Тасқа да өткенмін.
Кетпенмін,
Кетпенмін,
Талай тер төккенмін.
Жүзім де жайдары
Көп еңбек еткен күн!
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі