Өлең, жыр, ақындар

Әкеме

Ардағымсың, әкетайым, асқарым.
Қанатымсың, бар байлығым, аспаным.
Сенің арқан бүгінгі күн көргеніміз,
Жанымдасын керегі не басқанын?!

Өмірімнің мәні сенсің - әкем-барым.
Алдында тік тұрғызар ем әке бәрін.
Жетпейді ғой, бұдан көпке лайықтысын.
Нұрын жауып жарылқасын сені Тәңір.

Қорғанымсың, сүйенішім - әкешім.
Сый-құрметпен мақтан тұтам әке шын.
Өзің барда, сөнбейміз ғой, өшпейміз.
Аман жүріп қуантқайсың үй-ішін.

Тәрбиен тек жақсылыққа беттейді,
Сен сілтеген жолдан тайып кетпеймін.
"Қара қызым" деген бір-ақ сөзіне,
Бұл дүниеде ештеңе де жетпейді.



Пікірлер (2)

Нұрым

Әдемі жазылған!

Бекзат

Әдемі супер

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз