Өлең, жыр, ақындар

Ақыл туралы

Заманнан көне келе жатқан асыл сөз бар:
"Ақылына ақыл қосып ала тұғын"
Ақылдымын, мен ақпын деп ардан озба,
Белгілі жайт еңіреп артта қалатынын.

Ақылды болу - өмірді толық тануын,
Ақылға қону - түсініп бағып-қағуын.
Ақылсыз болу - надандықтың белгісі,
Ақылсыз болу - жамандық ол дермісін?!

Ақылсыз адам - мал-мүліктің құлы емес пе,
Қызығары тек байлықтың құны емес пе.
Алды-артына ойын салмай тек бір сәтте,
Пасық іске оңай мойынсұнуы емес пе..

Бір күндік дос, білімін бос - ақылсыздық,
Қиянатқа беруін жол - ғақылсыздық.
Мына дүние, кең дүние тар болғандай,
Кетіп салу қалауымен - ақылсыздық.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз