Өлең, жыр, ақындар

Қауіпті молекулалар

  • 14.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4418
(ОН, Н20, NH3)
(Әлімжан Құртаев докторлық диссертация қорғаған сәтте ғылыми кеңес үстелінде жазылған өлең)

Темір мен темір қосылмайды екен,
Мың градустан артық балқытпаса егер.
Көңіл мен көңіл қосылмайды екен,
Қос үмітке ортақ жол шықпаса егер.
Сау басты дауға шататыны қалай,
Ежелден бұлар ойқас қауым ба?
Бітіспес жаулық жататыны қалай
Молекулалардың шайқастарында?
Ізденсең, терің тамшылар әлі,
От керек отпен бәстесуге де.
Енбеген заттар бар шығар әлі
Менделеев шалдың кестесіне де.
Тартады не сый заманың тағы,
Шын достықтың ғана табылмас құны.
Жасасын құрылыс алаңындағы
Құм менен цемент бауырластығы!
Шошынған үміт, тосырқаған арман,
Ызалы мұңын себуде саған.
Молекулалары қосылмағандардан
Қаншама зиян шегуде ғалам.
Бұзылды лезде отасқан талғам,
Бірікпес бұлттар ауып келеді.
Рухы, діні шатасқандардан,
Абайла, үлкен қауіп келеді...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Баба Түркістан

  • 0
  • 1

Түркістаным, бабалардың қалғымайтын көзіндей,
Ардақтысың, қара күшке жеңілмеген сезімдей.
Сені танып білмегеннің даңқы биік жанбаған,
Олар ылғи тамырсыздық сырқатынан сорлаған.

Толық

Ұшақ үстіндегі ой

  • 2
  • 1

Шаңқай түсте,
Яки нұрлы ақ таңда,
Нән ұшақпен самғап бара жатқанда,
Көз салсаңыз төменге

Толық

Жігіттің екі сипаты

  • 2
  • 11

Марсқа
Кім қайратты
Кім кімге асқар тұлға,
Мүмкін бе екен тағдырдан бас тартуға?

Толық

Қарап көріңіз