Өлең, жыр, ақындар

Жас қазақ

  • 09.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2854
(Атасымен немересі)

1
Есіме түсірсем-ақ болды, құлыным,
Ауырлар тас түскендей жүрек жүгім.
Ақ бұлттан шыққан күндей жарқырайтын,
Қайдасың, Невельжаным, үнім, Күнім?
Өзің жоқ...
Жарқ-жұрқ еткен жалын жырың, —
Әке! — деп, үн қатады күнде бүгін,
Есімнен кетер емес бір қылығың—
Он беске толар-толмас шырын күнің.

2
Бақытсыз едік бір кез — бала тұрмай,
Мамаңда күйінішті еденді тумай.
Майданға — маған мамаң екі келіп,
Тілекті қабыл еткен еді «құдай».
Әйелдер толғататын құтты үйде,
«Шар» етіп сен келіпсің дүниеге.
Аташың тақымынан өткізіпті,
Жөргектеп әкелгенде сені үйге.
Бес айдай қасында боп атаң сонда,
Бөлепті тал бесікке сәнді жорта.
Қуанышын сенімен қоса әлдилеп,
«Бісімілдасын» әндетіп апты қолға.
Соларын...
Сен ес біле бастағанда
Мамашың аузынан бір тастаған ба?!
Сен тыңдап: —
Айтшы, айтшы, тағы...—дейсің
Тыңдауын қалап және басқалар да.

3
Қу соғыс не істемеді? Не істемеді?..
Есіме бүгін тағы түскен еді:
Мен майданда жүргенде;
Қайран әкем, Қаза бопты...
Тілімді тістеледім.
Тілімді тістеледім түршігумен,
Жүрегім жоқтау айтты дүрсілімен.
«Топырақ сала алмадым, ақ арулап» —
Күндіз-түн не өндірдім күрсінумен?
Міне енді,
Соғыс бітіп... Жыл өткенде
Ояту қайда жырмен тебіренткен?
Жасатып ескерткіш тас граниттен,
Орната бардық елге бір көктемде.
Орнатып жатқанда сол ескерткішін,
Бозарып, бұзалаңдап өңі-түсің.
Атанды қимай жаның ауырғаны-ай,
«Неге өледі,
Туған жан өмір үшін?» —
Деп тұрдың ба, тұйғыным, деп тұрдың ба?
Тауға қарап кеттің сәт бұрылдың да,
Мөлтілдеп меруерт шық кірпігінде,
Нендей сыр үйірілді екен ұғымыңа?
Тұрдың-ау сонда іштей булығуда; —
Жаныңды әркімдер-ақ ұғынуда.
Сипадың ескерткішін аташыңның
Мәңгілік қондырғанда тұғырына.
Аяқтап... Қайтар кезге келдік жуық,
Ақ сәуле себеледі жазғы ай туып.
Мына бір өлең болып ақтарылды,
Жан өртім жүрегімді жүрген буып:
...«Әкежан!
Биік жәйді қайдан таптың?
Қасында жоқпын онда, мен—солдатпын,
Ойпатты ұнатпаушы ең тірлігінде,
Рақмет,
Өлгенде де биік жаттың.
Әкежан!
Тілемеуші ем жаманат күн,
Күн түгіл болсын деуші ем түнің—ақ түн,
Топырақ сала алмасам ылаж не?
Онда, Майданға өзің берген азаматпын.
Туып ең, өскен едің Баянтауда,
Алдырмас арыстан ең денің сауда!
Көк тасқа құлап түскен арыстандай,
Көңілінде кетті-ау «Қайран Баянаула!»
Қазақтың коп білмеуші ен шариғатын,
Алайда қабыл бопты аманатың.
«Қамқорсыз қажып біткен жат шал» демей,
Ақтапты кегендіктер адам атын.
Біреуі жерлей салса ауласына,
Әрине, хақым бар ма дауласуға?
От жағып, тон жібітіп, зират қазып,
Жерлепті өзің айтқан тау басына.
Осы енді, Сізге мәңгі мекен биік.
Белгіңе тұрмын сырлы өлең құйып.
Кетпейді көз алдымнан:
пәк денеңді
көтеріп бара жатқан тамам иық.
Көп еді шүкірлігің, қанат атың,
Жан едің жартас боп та қаланатын.
Ақ жуып сапарыңа аттандырған
Ұмытпан «Қарабұлақ» азаматын!
Мейлі өрт, мейлі аяз болса да уақыт,
Жандары жеткен жан ед сонша сахиф!
Елдіктің, ерендіктің ұйтқысындай,
Тілеймін әрбіріне мың-мың бақыт!»
Жазып алған сез емес мұным хатқа,
Қалайша өлең болып шықты әпсатта?
Қайнаған жүрегімнің әмірімен
Шумақтар тұра-тұра қапты сапқа!
Тарғылдап тау басына бұлттар шөкті,
— Қайталық! — дедім білем, бастап көпті.
Іңіргі түн елшісі қараңғылық
Алғанда құшағына жер мен көкті.
Күнімен
Күн астында ең тотығып,
Қоналқы үйге кеш келдік.
Көп отырып,
Әбекеңді түсірді ел естеріне,
— Қадыр неде? — зердеге сыр тоқыдық.
Отырды Невель жаным тыңдап бәрін,
Көрмедім қыбыр етіп қозғалғанын.
Бірде солғын, бірде өңі бал-бұл жанып,
Көрмеп ем бұрын мұнша төзе алғанын.
Кеш жаттық, кеш ояндық ертеңіне.
Хикматтай кездесетін ертегіде:
Невелім жоқ төсекте. Қайда кеткен?
Уыз жас тәтті ұйқыға ерке күнде.
Жоқ еді елтеңі де, селтеңі де,
Кетті ме бұлақ жаққа гүл теруге?!
Зират жақта ақ бәтес толқынады,
Кеменің ұқсап әппақ желкеніне.
Сол ғой, сол, ақ көйлегі желкен сынды
Көзім шалып бүлдіршін құлынымды,
Жүрегім алып-ұшып бастап берді,
Қуанышпен қуып сап қайғы-мұңды.

4
Адамдар өрбігелі әр адамнан,
Немере ыстық дейді өз балаңнан.
Әкеден немереге атасы ыстық
Екені еш заманда емес жалған.
Бақытты —
Бұған еш шәк келтірмеген!
Болуды немерелі — ел тілеген.
Жалғанда немересіз болғаныңша,
Артық қой қайыр тілеп тентіреген.
Адамзат немересіз ұрпақтар ма?
Келіні қыз тапқанда, ұл тапқанда:
Қайран ата-енеде ес қала ма,
Кәрі ормандай жасарып бұтақтауға!
Міне, тап сондай ата ед Әбекең де,
«Уа, тәңір, бергеніңе бәрекелді!»
Деген ед, дүниеге Невель келіп...
Жас «іңгә» тербеткенде кәрі еменді.
Болғандай екеуінде бір-ақ жүрек,
Немере жүрегімен бірге түлеп,
Рахат өмір кешкен Ататайы—
(Тәрізді құлап түскен көк бәйтерек)
Қайтыс боп, Невелжаны қалды жүдеп.
Ботақан көзін жаспен жаудыратып,
Ұйқысыз болды түнді аудыратын.
Атаның тері сіңген тақиясын
Кимесе болды кейде ауыратын.
Атаның есіне алып ақыл сөзін,
Адал, әділ ұстайтын еді езін.
Өзінен кішілерге қорған болу...
Өзгеше қасиеті ед қайсар төзім.
Жоқ менде жалған мақтау Невелімді,
Жас еді ол жалыны бар өткір үнді,
Ақын да емес, ержеткен жігіт те емес, —
Он төрттен он беске сол өтер жылы.
Дайындық - жол жүрісті ойлап болып,
Атасына ескерткіш қоймақ болып
Аттанарда
Невелжан алға шығып:
— Мен барам! Мен—атамның жалғасымын!
Деп салды шешімді үнмен...
Алып жүрдік,
(Бүлдіршін санасына еттім құлдық)
Міне, енді ол, қос шелекпен су көтеріп,
Зиратқа барып қапты—
Ерте тұрып.
Кеше біз
Күн батқасын қас қарайып,
Зираттан қоналқы үйге бердік тайып.
Прожектор тәрізді жанарымен
Мүсінде теңбіл барын көріпті «айып».
Шыққаны ұйықтамай түн жарымнан
Сезім ғой жан атасын шын сағынған.
Елестеп көз алдына тірісіндей,
Тұрды ма көз айырмай немере ұлдан?!
— Рақмет!
Бақытты бол, жан ұрпағым!
Білмей ос майысуды жас бұтағым!
Ал мен кеттім мәңгілік мекеніме!.. —
Деп ұзай берді ме екен бір тұтам үн.
Сол «бір тұтам» үн бе екен жетелеген, —
Зиратқа таң атысымен төтеменен;
Жаяу, жалғыз қос шелек су көтеріп,
«Жүрші, жүр!» — деп сезімін төпелеген.
Қойды да барған бізге бір жалт қарап,
Тәрізді құзырында барлық танап;
Ләйлі үшін жанын үзген Мәжүніндей,
Сақалын атасының жуып «тарап».
Ноқаттай дақ қалдырмай гранитте,
Айнадай жарқыратып жатыр ғажап!
Қолы емес жүрегімен өңдегендей,
Мүсінін атасының пәк тазалап
Жатқанын
Көріп сонда...Риза ағаның
Көзінен кетті бүршік жас домалап,
Басқаларды білмеймін: ізгі Сейтжан:
«Немере болсаңдар бол Невельдей-ақ!» -
Деді де жаны елжіреп егілгені-ай...
Невелжан еді осындай бір жас қазақ!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әке

  • 0
  • 0

Әкенің
Кім болсаңда
Жөні басқа
Екенін растайды дос та, қас та,

Толық

Қалдыбай Бектаев ғалымға

  • 0
  • 0

Сонау түпсіз жылдарда
Топан суы қаптаған,
Қазығұрттың тауына
Нұқ кемесі тоқтаған,

Толық

Сұлтанмахмұт монологы

  • 0
  • 0

«Сезімнің сыртқа шықпас түсі бар ма,
Оны жасырар адамның күші бар ма?
Біреу күй, біреу пішін, біреу сөзбен
Жасыратын жүректің іші бар ма?»

Толық

Қарап көріңіз