Өлең, жыр, ақындар

Оян қазақ, оянатын кез келді

Оян қазақ, оянатын кез келді.
Билігіміз ақырындап өзгерді.
Тағдырымыз біле білсең халқым-ау,
Бірлігіңде екенінде көз көрді.

Оян қазақ, оянатын кез келді.
Бұл өзгеріс нені меңзеп, көздеді?
Кешегі өткен Махамбеттей ерлерім,
Жанын қиды, озбырлыққа төзбеді.

Батырлардың рухы бар ғой көтерген.
Елім үшін жанымды пида етем мен,
Қасық қаным қалғанынша қазақ деп,

Атой салып, кең даламда өтем мен.

Оян қазақ, оянатын кез келді.
Мына заман қалай қарай өзгерді?
Ұл болып мен тумасамда қызыңмын.
Не масқара?
Сырға таққан еркектерді көз көрді.

Оян қазақ, оянатын кез келді.
Салтымыз да ақырындап өзгерді.
Қыздарымыз бай таба алмай қазақтан,
Шет ел асып, құдайым-ау, сенделді.

Оян қазақ, тілің анау бұрмалаң.
Тілің кетсе,мəңгүрт болар бар балаң.
Аянбастан тер төгейік тіл үшін,
Ойланарсың, қиын боп тұр бұл заман.
Оян қазақ, оянатын кез келді!



Пікірлер (1)

Дана

Керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз