Өлең, жыр, ақындар

Балалық шақ

  • 30.03.2019
  • 0
  • 2
  • 6663
Бір кездері бала едім ойнаған,
Қызыққа да құмарға тоймаған.
Сәби едім ана сүті кетпеген,
Еркелепте кейде жылап қоймаған.
Бала едім еркелігім кетпеген,
Саралауға ойым әлі жетпеген.
Бала едім тентек үйдің бұзығы,
Бала жоқ ау тентектікті етпеген.
Ойын қуып кейде үйге кеш келіп,
Қызық еді ау ойыны да кешкілік.
Анашымның атымды атап шақырып,
Кетер едік үйге қарай ес біліп.
Өтті сол күн кетті жылдар оралмас,
Сол баяғы сәби кезім бола алмас.
Тек суреттер жансыз ғана бейнелер,
Кетті естелік енді қайтып құралмас.



Пікірлер (2)

Каруна

Маған ұнады. Өте күшті жазылған, мағынасы терең. РАХМЕТ!!!

Каруна

Маған ұнады. Өте күшті. Мағынасы терең. Дәл сабақтан осындай тақпақ керек еді,
Осы тақпақты оқып, балалық шағым есіме түсіп кетті

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз