Өлең, жыр, ақындар

Мұрат ақынның замананың түріне шағарғаны

  • 16.03.2019
  • 0
  • 0
  • 3612
(Қазан басылымынан, 1908 жыл, 16-бетте.)

Бірсіндеп садақ асынған,
Біріндеп жауды қашырған.
Қорамсаққа қол салған,
Қозы жауырын оқ алған,
Атқан оғы жоғалған,
Еділде тұрып оқ атса,
Жайыққа оғын жоғалтқан.
Жайықта тұрып сырқаса,
Еділге оғын жоғалтқан.
Астраханда тұрып сызғырса,
Ақырғанда лебіне,
Аузы түкті кәуірдің,
Алтынды туы жығылған!
Өгіз тауда өкіртіп,
Он екі ханды өлтірген,
Дегеніне келтірген.
Көлденең жатқан
Көк нарын,
Орақ Мамай сорлының,
Ойдағы дәурен болмас деп,
Күнінде ойран салып көрген жер.
Табаны жерге тимеген,
Маңдайы күнге күймеген,
Тұлпардан өзге мінбеген,
Құрмаласқан құдада,
Құдаласқан досыма,
Артығым кетті демеген.
Бұқшаттың бойы боз қамыс,
Жаңбыршының жалғыз телі ағасы.
Елімді кәфір алар деп,
Тыным алмай көшкен жер!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны

  • 1
  • 28

Алай ма, сұлтан алай ма!
Астыма мінген арғымақ
Аяңдап түсіп марай ма?
Арғымақ дейтін жығылар,

Толық

Абайламай айрылдым

  • 0
  • 3

Абайламай айрылдым
Ар жақтағы елімнен –
Анау Нарын деген жерімнен.
Тірі кеттім демеймін,

Толық

Соғыс

  • 0
  • 20

Әскер жиып аттандық,
Бекетай еді тұрағым.
Айғайлап жауға тигенде
«Ағатай беріш!» ұраным.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер