Өлең, жыр, ақындар

Гүләйім

  • 18.04.2015
  • 1
  • 0
  • 6051
Қай қыз бар бұл қазақта теңге жеткен,
Бәрі де жылай-жылай кемге кеткен.
Бар еді Жарқын атты бір бай кісі
Мырзеке деген атқа қолы жеткен.
Әрине, бай кісіні жұрт мақтамақ,
Кісіні кедей сорлы кім жақтамақ?
Жеп кетер, ішіп кетер сұмдар жиылып,
Шуылдап байды мақтап ыржақтамақ.
Бай енді көтермес пе мұрнын көкке,
Етер ме көтердің деп оларға өкпе,
Аурусыз құр түпу деп, құр жөтеліп,
Байлықты байқатпас па төңірекке.
Бар еді Жарқын байда 3-4 бала,
Оларға байлық тұрса, шірку қайда?
Күләйім ұлдан үлкен жалғыз қызы
Ұқсайды көркемдігі туған айға.
Он беске Гүләйімнің келген жасы,
Жібектей үлбірейді маңдай шашы.
Ақ торғын екі беті құлпырған нұр
Алланың бір жаратқан тамашасы.
Алғандай екі көздің жауын бұрып,
Жымиып езу тартып қойса күліп.
А, дүние, ойнар ма едім жиылғанда,
Бас қосып бозбалалар дәурен сүріп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көк өгіз

  • 1
  • 0

Көк өгіз көзге толық, денесі мол,
Басқадан өзін өзі көріпті зор.
Табын тастап қосылды жылқыларға
Сиырмен бірге жүрсем болам деп қор.

Толық

Құлағым бітелген жоқ

  • 1
  • 1

Құлағым бітелген жоқ, естиді ашық,
Түлкіден шешен сөзі кетті асып,
Белгілі жарамсақтық жарапазан
Қазаққа пайдалы істен мүлдем қашық.

Толық

Орамалға

  • 2
  • 0

Төрт ай түстім, жүгірдім,
Бұл орамал жолына.
Еріксіз міне түңілдім,
Түспеді ақыр қолыма.

Толық

Қарап көріңіз