Өлең, жыр, ақындар

Қазақ

Қасқырдай қайсар мінез қазақтарды,
Қанша жерден халқымды азаптады.
Бөй көтеріп намысшыл бабаларым,
Қазағымды тәуелсіз азаттады.

Қазағым қайсарлықтан жаратылған,
Айналдым қазағым дара тұлғам.
Елім,дінім амандық арқасында,
Басым бар күн шуаққа қаратылған.

Қазақ тілі қалған бізге аманатқа,
Жетелеме ана тілді жамандыққа.
Қазақтың діні мен тіліменен,
Отырсың тыныш өмір амандықта.

Тіліміздің ғұмыры ұзақтасын,
Бірлігіміз татулықты қуаттасын.
Қайсар мінез айбынды қазағымның,
Бақыт құсы бағына тұрақтасын.

Елдік пен ерлікті алып қалған,
Оқудан ерліктерін жалықпаған.
Қазағымның мәңгілік өшпес аты,
Көк аспанның төрінде қалықтаған.



Пікірлер (1)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз , - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар. Енгізгенде - авторы өзім -деген белгі бар, соны басу керек(жазудың үстін). Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз