Өлең, жыр, ақындар

Шарықтаған баға

Парақорлар көбейді,
Кім кінəлі демейді?
Жетіп жатса жалақы,
Тырналамас көмейді.

Барлық заттар қымбаттап,
Елімізді тым мақтап,
Шарықтатып бағаны,
Ойбайлатып барады.

Жоғарыда ағалар,
Елден бөлек даналар,
Бағаларды реттеп,
Кімдер осы қарады?

Қоқыстардан нан тауып,
Жүргендерді көз көрді.
Жетім, жесір сорлады,
Жақсылық па, не көрді?

Халқың жылап жатқанда,
(Пірің сенің атқан ба?)
Қарның тоқ боп сен жүрсің,
Шет елдерде, бақтарда.

Елді кімдер ойласын?
Өз қарының тойған соң.
Аш баламен тоқ бала,
Ойнамай да қойған соң.

Тоқтат енді бағаны,
Бүркітше самғап барады.
Халқын ойлар ерлерім,
Табылар сірə саналы.



Пікірлер (2)

Дана

Керемет!

Карина

Тамаша өлең!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз