Өлең, жыр, ақындар

Ызғарлы түн

Түн ортасы, тәтті ұйқыға кеткен ел
Түн ызғары өңменіңнен өтердей
Сусыған өмір сол баяғы зымырап
Сол бір түн де кәдімгідей өтер ед

Ел ордасы, көркем деген шаһарда
Көрмелерге миллиондаған ақшаны
Ел аузынан жырып алып құйғанда
Табылмапты жылы ұя, ақ шам да.

Ана кетті, тіршілікпен безілдеп
Балапаным тыныш өмір сүрсін деп
Есік жауып, үйден шыққан сол түні
Балаларға соңғы екенін кім білген

Бес бірдей қарашығы бір үйдің
Санаулы-ақ сағаттарда өртенген
Оныменен анасының жүрегі
Мәнін жойып, жыламсырап езілген.

Он алты мың көп саналды оларға
Әрқайсымыз "жарты миллион" алғанда
Алып шаһар, Астанада бұл жағдай
Тыныш түні аяқ асты болар ма ?

Зар жылаған, көз майларын ағызған
Сорлы халық ортақтасып жатқанда
Пана таппай кірерге жылынардай
Билігіміз уәдеменен тойдырған



Пікірлер (2)

Ару

Өте әсерлі

Нурхаят

ИӘ обал!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз