Өлең, жыр, ақындар

Жыламасын ана, баласы да!

Ыңырсыған ана, жоқтауын айтып,
Бес баласының келмесін білді.
Қайғыдан жүрегі қарс айырылып,
Көкірегін кернеп, өкініш тілді.

Сорлы ана жылап, тағдырға қатал,
Лағынет айтып, ішінен түрлі.
Жоқтықтың тартып, жан азабын,
Естілгендей құлағына,
"Анашым" деген дауысы келді.

Балалардың күлкісін аңсап,
Қарс айырылып жүрек, тілінденді.
Заулім сарайда тұратын мырзалар!
Осы болған,
ауыр қайғыны білетінбе еді?

Жылады елім, қосылып бірге,
Қол ұшын да аямады.
Көп балалы жанұяларға,
Қынжылтады,
Мемлекет пəтерлерін аяғаны.

Бес періште жəннаттық екен.
Имандары саламат болсын.
Осы жайттан кейін елім,
Тілсіз жаудан сақтықта болсын!

Жыламасын ана, баласы да,
Жоқтық дегенді көрмесін мүлде.
Бай елімнің жері де кең,
Заулім үйлер салынсын сол жерге!



Пікірлер (1)

opera12345

Ащы шындық????????????

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз