Өлең, жыр, ақындар

Арманым

  • 18.04.2015
  • 1
  • 2
  • 14948
Барлық адам баласы
Өзіндей көрсе өзгені —
Озбырлық өшіп қарасы,
Өзімшілдік өлгені.

Кедей, жалшы, қарттың да
Бірдей болса арасы —
Шын әділет таптың да,
Теңеліп қолдың саласы.

Әлемдегі ғаламат
Игілікке арналса,
Өнері ортақ азамат
Еңбекте ғана арланса.

Оқу-білім өркеймек,
Елге егіп пайдасын.
Ел жетіліп көркеймек,
Өнер қанат жайғасын.

Әлемдегі терең сыр
Ғылыммен ғана ашылмақ,
Асау, тағы ой мен қыр
Керекке жарап бас ұрмақ.

Сондай елді көре алмай,
Ақын Абай зарыққан.
Соңынан елі ере алмай,
Қайғыда жүдеп қамыққан.

Біз көрерміз, үміт бар,
Тией бер осы халыққа.
Озбырлық күш ғұрыптар
Жасай бермес тарихта.



Пікірлер (2)

Лилия (Lilia shou youtube.com)

Арман арман жетелейді мені алға
Көріп тұрмын,армансыз адам қарға ма!?
Айтыңдыршы баршаң да......

Əсем Алдан

Бұл өлеңдер арман туралы өте ға жатыр сөздері бар керемет өлеңдер

Пікір қалдырыңыз

Бір адамға

  • 2
  • 7

Бір үйде жиюлы екен қазына мал,
Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал:
«Бұрынғы атамызға сыйға берген,
Біздерде мынадай бар, мынадай бар!..»

Толық

Кедейлік

  • 2
  • 4

Кедейлік, сен жексұрын, түсін, суық,
Іздемес сені адам керек қылып.
Амал жоқ, ықтиярсыз құл қыласың
Маған салса касыма келме жуық.

Толық

Барлық ісім қырын қарап

  • 1
  • 0

Барлық ісім қырын қарап,
Жалғыз қалдым қасқыр қамап.
Маңым толған бір дүлей жан,
Дос таппадым бәрін сынап.

Толық

Қарап көріңіз