Өлең, жыр, ақындар

Күрес

Аязды боран секілді сезім,
Тоңып барам,ілініп көзім.
Құр сүлдемді сүйретіп алға,
Жылжып əр кез ілгері өзім.

Дауылды боран қасқырша ұлып,
Сүрініп аяқ,қайтадан тұрып.
Тұрмасқа болмайд сықырлап аяз,
Ішімнен жалғыз ұлымды ойлап.

Құйындап боран,қоншыдан қар.
Кешпесем болмайд, кірпігіме мұз қатты.
Таба алмай пана дірілдеп жүрек,
Қаһарлы қыс тұла бойды мұздатты.

Бір құлап тұрып,аямай жанымды.
Ұмтылам алға,қалғанша қасық қаным да,
Атар таңым, шуақты алда.
Соғып тұр жүрек,
шыбын жаным бойымда.

2003 жыл.



Пікірлер (2)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз , - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар. Енгізгенде - авторы өзім -деген белгі бар, соны басу керек(жазудың үстін). Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз.

Шұғыла

Керемет маган мына ән түскеніне қуанам мақтанамын рахмет көп көп

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер