Өлең, жыр, ақындар

ЖАҚСЫ АДАМ

Адам болғым келеді қарапайым,
Ниеті ақ нәресте баладайын.
Адам болғым келеді адам болғым
Ертеңіне заманның алаңдайтын

Ішінен әлсіз адамның бәрі көңілшек,
"Бәрібір" деме сырт көзге қатты көрінсек.
Шындыққа мынау не жетсін жалған өмірде,
Адал болайық Алланың барын ескерсек.

Жараланған жандарды жұбатпаймыз,
Сырттан сөксе біреулер ұнатпаймыз.
Таудан аққан мөп-мөлдір тұнық едік
Орта жолда былғанған бұлақтаймыз.
Қол ұшын созғандарды тез ұмытып,
Көмектеспей қойғандарды ұмытпаймыз.

Оңды-солды сөйлеуден жалықпаймыз,
Көңілдері  қалар деп қамықпаймыз.
Сүйекке сөзбен таңба салатындай
Біз кейде Құдайданда қорықпаймыз

Түсінбедім бұл тағдырдың талабын
Осы ізбен менде кетіп барамын
Қаншалықты кем болсамда біреуден
Адаммын ғой адам болып қаламын

Сенде ұмтыл жасылыққа бар ғалам
Жақсы жандар көп деп елге жарсалам
Тараталсам  таза адал махаббат
Одан басқа жоқ арманым аңсаған

Жақсылықтан исі аңқып гүлдердің
Жақсылықты жасап бәрің үлгергін
Болмасада бүгін,ертең,бір күні
Алдан шығар күндерінде күндердің

Біз адамбыз аш көзіңді ағайын,
Жұбатыпта жылатқанбыз талайын.
Жақсы-жаман ақ-қарадай ап-анық
Бұл өмірге қандай көзбен қарайын?!

Қатарында болып қалсам жаманның
Орны болмас кеудемдегі жарамның
Мен кімдердің қатарында жүр екем
Соған қатты ой бөлумен алаңмын

Жан болмайды бұл жалғанда армансыз,
Сол арманға жетпей жылап қалғанбыз.
Сондадағы егер жақсы ойлансақ
Біз адамдар ең бақытты жандармыз.

Біз адамдар қанаты жоқ қыранбыз,
Сүрінуге ылғый дайын тұрамыз.
Жақсылардың жақсылығын жасырып,
Жаман жағын жариялауға құмармыз.

Өсек айтса еміреніп тыңдаймыз,
Жын-жыбырдан шабыт алып шулаймыз.
Ал рухани азық алар өлеңнен!
Бойымызды неге алшақ ұстаймыз?!

Біз адамдар қаламы жоқ ақынбыз,
Мейірбанбыз,  ізгілікке жақынбыз.
Қандай сындар келседағы  сабыр қыл
Адам деген кірлемесін атыңыз

Көңіл бөліп жүрейік тірімізде
Адамдар, бәріміз бірімізге
Тағдырлар!
тек жақсылық жазыңдаршы
Әр атып, батып жатқан күнімізге...

Біз адамбыз сондай сұлу жанымыз,
Көпте емес бұл құрлықта санымыз.
Сондықтан да бағалайық өмірді,
Бағалайық барша жанды бәріміз.
Кайрат Кудайберген #KS_Kairat



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер