Өлең, жыр, ақындар

ТӘУЕЛСІЗДІК

  • ARAIS
  • 13.11.2018
  • 1
  • 2
  • 7318
Жарқырап жұлдыз туды елімізде,
Түсіріп жарық сәуле жерімізге.
Оқып өсіп мыңнан бір озып шыққан.
Атадан батыр туған еншімізге.

Тырысқан шаң жуытпай жақсы атына,
Еңбекпен жеткен талай мақсатына
Ұстады тәуелсіздік шылбырынан
Жетіп бір көп арманның - арманына.

Қуанды ата да қарт, сәби де жас
Қуаныштан төгілді анадан жас!
Той қылып желтоқсанда халқым менің
Өртенді іші күйіп, қазаққа қас!

Ақсақалдан халқымыз бата алған
Өркендеуге жаңадан орда салған
Арыстан туған қазақ бүгін міне
Қанаты кең жайылған барыс болған.

Елі үшін, жері үшін қазағымның
Тарихтан жаңғырады азап үнің,
Ақталып қан мен тері бабалардың
Орындалды басты арманы Қазағымның!



Пікірлер (2)

Гулим

Тауелсиздик туралы такпак тез

Гулим

Тауелсиздик туралы такпак

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз