Өлең, жыр, ақындар

Аққан жұлдыз

Елі үшін еркіндіктен айрылған
Елдің қамын,болашағын ойлаған
Түсінбейді-ау кейбір озбыр,жалақор
Себепсізден кінә артып антұрған

Аққан жұлдыз арамызда жоқ енді
Халқы үшін жанын берген жан еді
Сол үш бәйтерек:Ахмет,Сәкен,Бейімбет
Еліне керек жанашыр туған ер еді

Бес арысым айбындағы алыбым
Еңбек еткен ертеңі үшін халқының
Қарсы тұрсын мейлі әлем оларға
Ұлтын сүйді "қазақ" дейтін бәріңнің

"Оян қазақ"деп жырлаған Міржақып
Санамызда сөзі тұрар жаңғырып
Ұлтын сүйген сәйгүліктің тағдыры
Озбырлардың алдында кетті-ау атылып

Зұлмат күннің куәсі болды бұл жандар
Кешегі күннің зардабын тартып ағландар
Осылайша, өмірін үлгі тұтқан жастардың
Мәңгі өшпес ізіменен есінде қалар.



Пікірлер (3)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз - авторы өзім - дегенді белгілеуді де ұмытпаңыздар.

Ғазиза

Осы өлеңіммен қалай байқауға қатыссам болады?

Модератор

Байқауға қатысып тұр.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз