Өлең, жыр, ақындар

Алғашқы мұң

  • 22.10.2018
  • 0
  • 0
  • 1458
Жүрмісің аман-есен, жеңгелерім,
Өзіңе қандай жанды теңгерермін.
Әзілің шалқып жатқан шалқардайын,
Толқынды құшақтаған мен кемерің.
Жүрмісің аман-есен, жан жеңешем,
Отпысың кешегідей әлде де сен.
Құлазып жүрер еді жаным менің,
Ақжарқын күлкің менен әрлемесең.
Жапырақ жайған шақта бүрі ақ талдың,
Өзіңе өзгеге айтпас сыр ақтардым.
Сыңғырлап бір күлдің де сынай қарап,
Садағына түйредің сұрақтардың.
Көк жайлау.
Бастау басы,
үй алдында,
Күй шерттім сезім жайлы ұялдым да.
Сол сәтте бой жетуге әлде мені,
Қимадың ба, білмеймін, қия алдың ба.
Байқадым жанарға жас іркілгенін,
Жаныма кетті батып күрсінгенің.
Әлде сен баяғыдай көріп мені,
Алаңсыз, ерке қалпы жүрсін дедің.
Сол бір шақ білдіртпепті озғандарын,
Бұл күнде сенің дағы тозған ба әрің.
Алдамшы "дос" көңілі суалғанда,
Кемеріңнен ешқашан қозғалмадың.
Құлпырған сол бір балғын көктеміме,
Көңілім алаңдаумен өтпеді ме.
Қайран көктем, көркі нәзік шағың,
Өкінбеймін, мінезде кеткеніне.
Демеймін әлдекіммен теңесемін,
Оңашада өлеңмен кеңесемін.
Көп қайны жүретін назын айтып,
Бұл күндері мен дағы жеңешемін...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қазықұрт

  • 0
  • 0

"Басында кеме қалған" Қазықұрт па,
Көрмей-ақ жетіп жатар назы жұртқа.
Қабыл ал сәлемімді ала келген,
Жүректің сен деп шерткен сазын ұқ та.

Толық

Жандардың ұға бермес кез келгені

  • 0
  • 0

Жырла деп,
Жүрегімді сөз кернеді.
Оның да айтары бар,
Айтпасы бар,

Толық

Шағала

  • 0
  • 0

Белгілі менің жатқа жақпайтыным,
Белгілі жат қақпасын қақпайтыным.
Белгісіз қай арада жол аяқтап,
Белгілі сендік сырды сақтайтыным.

Толық

Қарап көріңіз