Өлең, жыр, ақындар

Мен қазақпын

Көңілдегі жыр-әнімді ақтарамын,
Халқымды қазақпын деп басқарамын.
Тілімді,дәстүрімді сақтағанмын,
Сен арқылы қазақпын деп мақтанамын!

Қазақ деген халықпыз асқақтаған,
Жауға тура шығып қас қақпаған.
Көк туым көк төбемде желбіреген,
Мен қазақ,қазақпын деп мақтанамын!

Сәбиін білегімен,даласын жүрегімен тербеткен,
Татулық пен бірлікті ту еткен.
Тарихта ойып тұрып орын алған,
Мен қазақ,қазақпын деп мақтанамын!

Жыр -әніммен шаттанамын,
Жеріме жаулар кірсе бас саламын.
Өз еліме өзім ие болатын,
Мен қазақ,қазақпын деп мақтанамын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақтолқын Нұрлыбайқызына

  • 0
  • 1

Сіз Толқынсыз тербететін ойларды ,
Журналистсіз жазатын көп жайларды .
Журналистік өтіліңіз -он үш жыл ,
Қаламыңыз бүгін әбден қайралды .

Толық

Тәуелсіздік -Елбасы -Егіз ұғым.

  • 0
  • 0

Отанымның егемен кезі бүгін ,
Отан бүгін қолында өз ұлының.
Ел сыйлайды Елбасын ,себебі оның -
Тәуелсіздік -Елбасы -егіз ұғым !

Толық

Рухани жаңғыру

  • 0
  • 3

Елім бар қолына ,көк ту ұстаған,
Жақсы адамның бәрі де туыс маған.
Сілкіп тастап бойдан жат қасиетті,
Рухани жаңғыруға тиіс қоғам.

Толық

Қарап көріңіз