Өлең, жыр, ақындар

Үш бәйтерек бес арыс

Елі үшін күндіз - түні толғанатын,
Бес арыс -Шәкәрім мен Мағжан ақын.
Жүсіпбек пен Міржақып және Ахмет,
Адамдар болған екен елге жақын.

Сұлтанмахмұт елінің күні еде ғой,
Дөнентаев халқының үні еді ғой .
Мұстафа Шоқай аңсап еркіндікті,
Елі үшін жанын қиған ұл еді ғой.

Сол бір шақта қиналған көпке елеңдеп ,
Бәрі ер еді елі үшін еткен еңбек .
Қазақ елін шақырған ынтымаққа ,
Бәрінде де күш берер отты өлең көп .

Тәуелсіздік бәріне болып арман ,
Ел тағдырын бәрі де қолына алған .
Ел-жұртын сүйгені үшін кінәлі боп ,
Мерт болған бәрі дінсіз тағылардан .

Тәуелсіздік таңы атып енді бүгін ,
Күні туды қазақтың елдігінің .
Қазақстан -тәуелсіз елде туған ,
Бақытты Отанымның мен гүлімін .

Тәуелсіздік келген жоқ оңай бізге ,
Сеземіз тарихқа оны қарай бізде.
Өтті ғой Желтоқсанда дауылдатып ,
Түсіріп бір көлеңке талай жүзге .

Біз -бабалар жолының жалғасымыз ,
Елдің бойда намысы бар жасымыз .
Тұрды ғой тәуелсіздік алған жылдар ,
Барлық істің басында Елбасымыз .

Еліміз азат таңды атырды енді,
Ұлы істер шын жайнатып жатыр белді.
Елбасы болашаққа бағдар беріп ,
Рухани жаңғыруға шақырды елді.

Қайта оянып бес арыс,үш бәйтерек ,
Соқты олардан санаға шын қайта леп .
Бізге бүгін бәрі де :Абай,Жамбыл,
Тұманбай,Қадір,Қасым,Сырбай керек.

Ұлттық салт -дәстүрлерге тиіп төр де ,
Бейбіт күн болсын әркез сүйікті елде .
Оятып санамызды баба рухы ,
Көк байрақ желбіресін биіктерде !!!


267 орта мектеп 7 сынып



Пікірлер (1)

гулстан

үңілдірсе тарихқа ой тереңі өлеңнің толық нұсқасын жіріңізші

Пікір қалдырыңыз

Қанипа Омарғалиқызына

  • 0
  • 1

Өмір деген осынау ұлы көште ,
Артында із қалған жан тірі емес пе? !
Алдық бүгін ,міне біз атақты ұстаз
,Қалипа Омарғалиқызын еске .

Толық

Тілім менің

  • 0
  • 1

Санамызға өзгеріс болсын , әр күн ,
Шын рухани жаңғыра алсын , әркім.
Көрінсек деп, 30 -ел биігінен ,
Енгіздік әліпбиге латын әрпін .

Толық

Тәуелсіздік -Елбасы -Егіз ұғым.

  • 0
  • 0

Отанымның егемен кезі бүгін ,
Отан бүгін қолында өз ұлының.
Ел сыйлайды Елбасын ,себебі оның -
Тәуелсіздік -Елбасы -егіз ұғым !

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар