Өлең, жыр, ақындар

Өмір мәні

Жоғалып асыл сезімдер,
Әніне ерген қаланың.
Адамгершілігі көз ілген,
Хайуанға ұқсап барамын.

Барсың ба деп үңіліп,
Көршіге басын сұқпайтын.
Күні бойы жүгіріп,
Кеш болса үйден шықпайтын.

Үлкеннің айтқан ақылын,
Кіші боп бала ұқпайтын.
Жатқандай бәрін қатырып,
Тал түске шейін ұйықтайтын.

Күндері бірдей сұрықсыз,
Көкейін тескен ақшама!?
Тыңдауға сені құлықсыз,
Көңілі тіпті басқада.

Кітаптың бетін ашпаған,
Көңілі соқыр жас бала.
Сене берме ақшаға,
Өмірдің мәні басқада.

Өмірдің мәні білімде,
Көңіл азығың болатын.
Тарыққан қиын күніңде,
Темірқазығың болатын.

Өмірдің мәні иманда,
Ар-ұят, тәлім-тәрбиең.
Бойыңа иман жиғанда,
Тазарар боқтан жан дүниең.

Өмірдің мәні тіліңде,
Ананың сіңген сүтімен.
Өлмесе тілің түбінде,
Сүреді өмір бүкіл ел.

Өмірдің мәні сезгенге,
Сыйласар жақын жандарда.
Қысылған қиын кездерде,
Қолының ұшын созғанда.

Өмірдің мәні еңбекте,
Бақытың екен тер төккен.
Еріншек, жалқау, тентектер,
Өмірден мынау ерте өткен.

Өмірдің мәні осында,
Баға жетпес байлығың.
Ең бірінші басында,
Әрине деннің саулығы.



Пікірлер (4)

Салтанат

Олендерин керемет. Шын конилден шыккан.

Айбар

Дəл айтылған, жарайсың!

Айбар

Жақсы жазылған, қаламың мұқалмасын.

Жақсы

Шынайы жазылған түсінген адамға

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер