Өлең, жыр, ақындар

Жаным, сен жасымағын

  • 18.04.2015
  • 1
  • 2
  • 22607
Көбейте берме, жаным, шашың ағын,
Жаным, сен жасымағын, жасымағын,
Нөсерлетіп, бір сәтте басыламын,
Шашылады шұғылам, ашыламын.
Ұшқындарын жан-жаққа шашыратқан,
Кездерім бар кей-кейде жасын атқан.
Қара бұлтқа қара да басымдағы,
Күн шығады деп ойла осы жақтан.
Жанымның жақсы емес тыншығаны,
Тыншығанда жүрегім тұншығады.
Жасынымнан, жаным, сен сескенбегін,
Жай отының артынан күн шығады.
Жай отымды алыппын бәсеңдетін,
Есім кетіп қалыпты, есем кетіп.
Ақ жаңбырдың нұрына шомыла бер,
Нөсерлетіп алайын, нөсерлетіп.
Жаным, сен жасымағын, жасымағын!
Нөсерлетіп бұлттардан жай атылмай
Күн тымырсып тұрғанға ашынамын...



Пікірлер (2)

Камила

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Жүрегім, жүйкем, бар тұлғам

  • 1
  • 2

Жүрегім, жүйкем, бар тұлғам,
Бұл күнде сымдай тартылған.
Лүп етіп самал соқса да,
Ызыңдап қалар антұрған.

Толық

Қалалық зиратхана

  • 0
  • 0

Өлік сақтар қаланың қақпасының алдында,
Шудан қашып, мекерсіп, кілт тоқтадым бардым да.
Өліп қалған жезөкше бір әйелді әкелді,
Керегі жоқ ешкімге дене жатты алдымда.

Толық

Бұл қалай?!

  • 0
  • 1

Ұдайы болды екі түн
Төсекте тыныш жатпаймын.
Әлекке салып әлдекім,
Мұжылып біткен заттаймын.

Толық

Қарап көріңіз