Өлең, жыр, ақындар

Шамам жоқ шарт кетіп өлуге

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1342
Шамам жоқ шарт кетіп өлуге,
Жаныңа жақындап келуге.
Тәңірім, жарлығың жөнді ме, айтшы өзің,
Жүректі жүректен бөлуге?!
Тәңірім, мен бе әлде жазықты?
Тағдыр тор қайда да қазыпты.
Ғасыл мұң ғаріп етіп тапқанда
Қоштасу қайғысын жазыпты.
Ғұмырым қалайша қырқылар?
Тек сол деп жанарда жыр тұнар.
Мен онсыз жүре алман жалғанда!!!
Құштарлық қақпанда жұлқынар.
Тәңірім түйгенім,
Сол менің сүйгенім,
Онымен жұмақтай күйдемін.
Мені одан айырма, қайырыл да,
Әйтпесе ажалға қи мені.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қас қағым сәт

  • 0
  • 0

Тәж кигендей, күндерім, түнім шекер,
«Күнім» дедім. Сонан соң дірілдедім.
Жақындадым, болды ма мұным бекер.
Мықты намыс майысып, сүрінгенім.

Толық

Алатау қарайды бақсыдай

  • 0
  • 0

Алатау қарайды бақсыдай,
Ғасырлық кеудесін қар баса.
Өмірге келгенім жақсы ғой,
Бітірген ісім жоқ далбаса.

Толық

Әлем тұтас, сен жүрсің

  • 0
  • 0

Елім бар ғой егілсем емізетін,
Жерім бар ғой жеңілсем, жеңгізетін.
Тіпті Алматы аспаны бар пендеге
Мөлдірліктің моншағын тең үзетін.

Толық

Қарап көріңіз