Өлең, жыр, ақындар

Жаныңдағы жарылысқа қарамас

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1269
Жаныңдағы жарылысқа қарамас,
Жайнаң қаққан жақсы қызбын сырт елге.
Өмір осы бағы, соры аралас
Анар ханум, маңайыңнан мұң терме.
Адассам да ақ жүректі әнімнен
Мен жалғанды сүйеді екем өлердей.
Күш-қуатқа жарымаған тәніммен,
Тырмысады жүрек түбі жеңердей.
Шұғыласы шомылдырар шаттық бар,
Бұл жаһаннан бақыт таппай өтем бе?
Алыс күнге асығумен аптықпай,
Күлкі көміп, қас керемін бөтенге.
Кінәсізбін, күнәһар түн басынба,
Күнә татпан таусылмаса күш-айла.
Мен өлгенде қабірімнің басында
Ақындар кеп, жасап жатсын мүшәйра.
Балапандай жырларыма мас бола,
Мазақ етер мәртебелі халық та.
Ерте, кеш пе, тәнді көмер тас мола,
Анар ханум, өміріңнен жалықпа...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көкте тәңір айналғандай сараңға

  • 0
  • 0

Көкте тәңір айналғандай сараңға,
Мәні өмірдің минуттарға тұр сыйып.
Аппақ сезім лайланып харамға
Мен бақытты таба алмадым құр сүйіп.

Толық

Сағындым сені

  • 0
  • 0

Сағындым сені,
Жалғыздық бұрап
Бөскіл мұңдардан шаршадым.
Қайтермін бірақ?

Толық

Көңілімді көтерші

  • 0
  • 0

Сәуле шашпай, сыр түйіп кешім күміс,
Сағынышқа тұншығып көкірегім.
Шаттанғаным соңғы рет есімде еміс,
Көңілімді көтерші, өтінемін.

Толық

Қарап көріңіз