Өлең, жыр, ақындар

Бірге туған үш бала

  • 28.08.2018
  • 0
  • 0
  • 3237
Құсқа қара топтана ұшқан ана,
Ұша алмаған ақында күш бола ма?
Терезеден қараймын ойға батып,
Ойнап жүрген бір туған үш балаға.
Қандай жақсы адамның бала шағы,
Сезімдері тап-таза тамаша әлі.
Анасы бір, тілі бір үшеуінің,
Қандай болар, кім білсін, болашағы?!
Кетер болса, жолдарда жиі шалғай,
Жүрер ме екен бір-бірін қиыса алмай.
Қиыса алмай жүргенге не жетеді,
Кең далаға кетпесе сыйыса алмай...
Шіркін, бұлар өскен соң қатты ойланса,
Алыс кетпес, қазыққа ат байланса.
Алтын бесік толады-ау бөтен күйге,
Әлдеқалай үш бауыр жатқа айналса.
Үш жүрекке жұлдыздан құлап таза ән
Тұрар.
Үшке бөлінбес бірақта заң!
Асылатын ежелден ас салынып,
Үш аяқты ошаққа бір-ақ қазан.
Өмір түрлі жүктерін артты маған,
Балаларға бұл ойын қатты ұнаған.
Уайыммен қарадым үш балаға,
Бір шананы үш жаққа тартқылаған...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақпан айы

  • 0
  • 0

Қалайша іздемейін, жоқтамайын?
Қарасам,
Мұңаяды бақта қайың.
Аппақ қарын төсейді жүрегіме

Толық

Медсестра

  • 0
  • 0

Өткен жылдар, өткен күндер есімде,
Есімде сол ізгі ниет шешім де.
Қос бұрымды, шыт көйлекті ұяң қыз
Оқып жүрген Жамбыл медучилищесінде.

Толық

Үлбір сұлу

  • 0
  • 0

Бүгіннен бөлек болған бұрынғысы,
Көзайым көркемдіктің туы, үлгісі
Жетісу —
Жаратылыс деген күштің

Толық

Қарап көріңіз