Өлең, жыр, ақындар

Бауыр

  • 28.08.2018
  • 0
  • 4
  • 9686
Баяғыда
Өлеңі үшін ақылды
Кесірленіп, кесім айтып ақырғы,
Ойсыз әкім абақтыға қамапты
Қанжар тілді жау жүрек жас ақынды.
Қаталдықтың көрсетпек боп көкесін,
Қабаттасып сөздері де кекесін,
Бір түрмеде бірге ұстапты ақынның
Нағашысын, шешесі мен әкесін.
Бос кезде де жүрген еді байымай,
Өзі кедей төртеуінің ойы бай.
Қайсарлықпен ән салады қосылып,
Қап-қараңғы түрмеде де мойымай.
Абақты әнмен жылылыққа толатын,
Жырын жазып отырыпты ал ақын.
Әкім бұған шыдамайды,
Айла іздеп,
Ойлап-ойлап былай депті сол әкім.
"Өнерлісің, өжетсің де әрқайсың,
Сен айт, әйел,
Алдыңда тұр таудай сын.
Сені және үш еркектің біреуін
Босатамыз, айт, қайсысын таңдайсың?"
"Тұрған заман — құшағында дауылдың,
Әділ күші жеңіп шығар дәуірдің.
Ауырдым мен бұл үшеуі үшін де,
Бірақ орны бөлек екен бауырдың.
Жарым кетсе, жар табармын бірде мен,
Жар табылса, болар тағы ұл деген.
Өлген анам қайтып келіп ұл таппас,
Бауырымды босатыңдар түрмеден!
Өз жақсыңды өзің құртып,
қалай ел
боларсыңдар?!
Құрбан болды-ау талай ер...
Рухы жоқ — ақыны жоқ халықтың,
Ойланыңдар!" — деген екен дана әйел.
Ожар әкім ештеме де деместен,
Шығып кетіп, мырзасымен кеңескен.
"Босат, — депті, — төртеуінде!" — сескеніп,
Шонжар бастық айдарынан жел ескен.
Аңыздың біз естімедік қандайын,
Аңыз айтқан ақындарды қорғайын.
Қайран бауыр!
Қайран ұлы сезімдер!
Әр жүректе жасаңдаршы әрдайым!



Пікірлер (4)

Абылкаятов Еркебулан

Суретте Кулаш апамыз емес Фариза Онгарсынова апамызгой кателиктеринизди тузетуди талап етем

AYAGOZ

Суретте Күләш Ахметова

AYAGOZ

Еркебұлан, сенің талаптарыңмен жүрсе адасудың көкесі болады) Бұдан былай ештеңе ешкімнен талап етпей ақ қойшы)

Жұмабайева Ардақ.

Өте жақсы жазылған.Маған ұнады!

Пікір қалдырыңыз

Әке сөзі

  • 0
  • 0

— Жанарынан жау жүзі жасқанатын,
Қадамынан жақсылық басталатын,
Кірлетпейтін замандас жастар атын,
Қуантатын ата-ана — қос қанатын

Толық

Балкондағы гүл мұңы

  • 0
  • 0

Қалайша қырда өскен боп түс көрмейін,
Қалайша оянғанда тістенбейін.
Таңғы нұрға тапшы екен батыс балкон,
Күннің нұры түседі түстен кейін.

Толық

Бірге туған үш бала

  • 0
  • 0

Құсқа қара топтана ұшқан ана,
Ұша алмаған ақында күш бола ма?
Терезеден қараймын ойға батып,
Ойнап жүрген бір туған үш балаға.

Толық

Қарап көріңіз