Өлең, жыр, ақындар

Таластағы жер аттары

  • 27.08.2018
  • 0
  • 0
  • 1706
"Талас" деген — грекше "теңіз" деген,
Бір кезде ел мұнда құрғақ жер іздеген.
"Үшарал" — сол кездегі табылған ат,
Жер аты — ескерткіш сөз, ең ізгі өлең.
"Жалқамыс" жолбарысты есте шығар,
Боз таста "Бозтамшының" кестесі бар.
"Арнасы", "Ақкесене", "Көккесене",
"Суықжал", "Әулиесі", "Еспесі" бар.
Бар тағы бірге жатқан "Төрт ақыны",
Текке ме жұрттың одан қорқатыны.
Ғажабы —
Ғасыр бойы соққан самал
Күмбезде қобыз күйін тартатыны.
Жылдардың
аударылып парақтары,
Жел тұрар дәуір жырын таратқалы.
Бабалар ақындығын дәлелдейді
бейнелі "Таластағы" жер аттары.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

V бөлім

  • 0
  • 0

Жасанып жылжығанда заман — көштер,
Жасаған, менің екі баламды ескер.
Жалғанда арманда боп опынбасқа,
Асыл жар, алтын орда, адал дос бер!

Толық

Аркадийдің фотолары

  • 0
  • 0

Мынау достар!
Жас күніміз бірге өткен.
Аяулы еді, ыстық еді, түу, неткен!
Рахия, Күлтай, Башар, Ізімгүл

Толық

"Айнакөл", "Ақкөл", "Билікөл"

  • 0
  • 0

Маздақ от маңдайымды сүйді менің,
Басымды қасиетіңе идім, елім.
Басылмай сағынышым келгенімде,
Алдымнан шықты мұңлы Билікөлім.

Толық

Қарап көріңіз