Өлең, жыр, ақындар

Дәрігер ойы

  • 17.08.2018
  • 0
  • 1
  • 3729
(Еленамен әңгімелескенде)

Көбірек сырласамыз өзіңізбен,
Көңілге нәр аламыз сөзіңізден.
Болдыңыз адамдардың жақын досы,
Елена, сонау жап-жас кезіңізден.
Келеді алдыңызға талай ғашық,
Келеді құрдастар да амандасып.
Бөліседі сізбенен тәтті сырды,
Жүздерінен нұр күліп, арайлы ашық.
Келеді айтып кейбіреу тілектерін,
Қолымен баса түсіп жүректерін.
Толып жатқан тұрмыстың тауқыметі,
Жалықпастан тыңдайсыз, сыр еткенін.
"Кейде мінез қасіреттен ауырлайды,
Тоздырады жүйкені ауыр қайғы.
Сондықтан сүю керек бұл өмірде,
Ғашықтар жүйке ауруымен ауырмайды" -
Деп, дәрігер — әзілмен жұбатады,
(Әзілді жаным шыңдап ұнатады).
Сүю, күю — шынында қандай бақыт,
Сөнген үміт қайтадан гүл атады.
Көркейер адам жаны шапағатпен,
Көркеймейді ол әсте —
Атақ — атпен.
Шынымен адамдардың барлығын да,
Емдер болса —
 Тозбайтын махаббатпен!
* * *
Десін мейлі кейбіреу "сорың ауыр",
Жаумай-ақ қойсын мейлі жолыма нұр.
Қияңқы өмір,
Қияға бұра тартса,
Аттың басын сонда да,
Оңына бұр.
Қорғасын ұйығандай көңіл ауыр,
Беймаза түске ұқсаған
Өңім–ау бұл
Абайсызда өзің де
Сезбей қалар
Сегіз қырлы, сан сырлы,
Өмір–ау бұл.



Пікірлер (1)

Керемет

Уаууауауау

Пікір қалдырыңыз

Қосмола

  • 0
  • 0

Көргенде Бөгем таудың Қосмоласын,
Өткен өмір шежіресін жастанасың.
Әлде кімге
Сездіріп аяушылық,

Толық

Қамқалы

  • 0
  • 0

Елпілдеген, мөлтілдеген, Қамқалы,
Шақырады, алыстан көз тартады.
Құм жоталар, артқа тастап белдерді,
Бетке ұстаған Сарыжайлау, Арқаны.

Толық

Ақын ауылында

  • 0
  • 0

Абайла, келіп қалдық Алмалыға,
Айналған талай жанның арманына.
Ақбас тау, арынды өзен — арғымақ жал,
Көргеннен көзді жаулап алмады ма?

Толық

Қарап көріңіз