Өлең, жыр, ақындар

Жақсы келін енелердің арманы

  • 14.07.2018
  • 0
  • 0
  • 7510
Келінісің жеңгелердің кенжесі,
Жүзің жылы, енелердің еркесі.
Қызмет етіп үлкендердің бәріне,
Білмегенін үйретеді жеңгесі.
Сен бақытты келінсің деп айта алам,
Жеңгелерің бар ғой сені қолдаған.
Келін болып міндетіңді атқарып,
Сәлем салып үлкендерден бата алған.
Келін болу әрбір қыздың арманы,
Келін деген атқа лайық болғаны.
Келін түскен шаңырағы әр үйдің,
Тола берсін қуанышқа әр таңы.
Бақыт тілеп жаңа түскен келінге,
Келін болып келдің нағыз еліңе.
Тастай батып, судай сіңіп жүре бер,
Құдай қосқан қосағыңмен мәңгіге.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шүкір ет пендем барыңа

  • 0
  • 0

Біріміз алыс, біріміз жақын жүрсек те,
Сағынамыз сәл көрмесек көрсек те.
Шектеусіз уақыт тоқтамай жылжып жатады,
Жастық шақ кетіп, кәрілік келсе құрметте.

Толық

Оразаңыз қабыл болсын!

  • 0
  • 1

Елім, жұртым, аға-іні бауырларым,
Келді міне біз күткен ораза күн.
Алла қолдап жеткізген осы күнге,
Тұтайықшы сауабы көп оразаның.

Толық

Жазғы демалыс

  • 0
  • 2

Жаздың ыстық күнінде,
Демалысқа шығамыз.
Бір топ бала жиылып,
Шомылуға барамыз.

Толық

Қарап көріңіз