Өлең, жыр, ақындар

Мен еліммен мақтанам

  • 20.06.2018
  • 0
  • 0
  • 4547
Қазақ елім салт-дәстүрін сақтаған,
Ұл-қыздары әдептен еш озбаған.
Ата-баба салт-дәстүрін жалғаумен,
Жақсылықты көрсек деп ек жастардан.
Қазақ елім, тұғыры биік ел едің,
Аман болсын, ауыл аймақ сыр елің.
Көкте биік желбіресін байрағың,
Ашық аспан тыныштықты тіледім.
Ел болайық бірлігіміз жарасқан,
Төбемізде тұрғай көріп жаратқан.
Келешегі жарқын болсын елімнің,
Қыран құстай көк аспанда самғаған.
Қаншама ұлы дана ақының бар,
Елім деп жанын берген батыр ұлдар.
Қашаннан азаттығын алған елім,
Тұрғандай шуақ шашып күн нұрынан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жазғы демалыс

  • 0
  • 2

Жаздың ыстық күнінде,
Демалысқа шығамыз.
Бір топ бала жиылып,
Шомылуға барамыз.

Толық

Жеңгелерге ризамын!

  • 0
  • 1

Сағынғанда іздеп барам төркін деп,
Қарсы алады құшақ жайып күлімдеп.
Жаны жайсаң жеңгелерім алдымнан,
Күтіп алды, сұлу бикеш келді деп.

Толық

Балалық шақ балдай тәтті

  • 0
  • 1

Балалық шақ балдай тәтті,
Өлең айтып таңдай қақтық.
Бірге ойнап, бірге күліп,
Орта белге жеттік нақты.

Толық

Қарап көріңіз