Өлең, жыр, ақындар

Жеңгелерге ризамын!

  • 20.06.2018
  • 0
  • 1
  • 9729
Сағынғанда іздеп барам төркін деп,
Қарсы алады құшақ жайып күлімдеп.
Жаны жайсаң жеңгелерім алдымнан,
Күтіп алды, сұлу бикеш келді деп.
Жеңгелерім инабатты ибалы,
Жақсы келін бола білді еліне.
Үлгі болып келіндердің бәріне,
Көрсетеді жақсы болу амалын.
Жеңгем менің досым әрі сырласым,
Айта алам бар сырымды жасырмай.
Керек кезде табылады қасымнан,
Жеңгем менің нағыз сырлас досымдай.
Жеңгелерім атқарғанда қызметін,
Көрсетеді кішілерге ізетін.
Көргенімде жеңгелерді осындай,
Риза болып үлгі тұтам тосылмай.
Қызметіңді атқара бер шаршама,
Бойыңда бар жақсы өнер қаншама.
Сәлеміңді сала бергін иіліп,
Риза болып бата берсін ата-ана.
Батаменен бақыт қонсын басыңа,
Бар сәттілік жолдас болсын қасыңа.
Құдай қосқан қосағыңмен өмірде,
Бақытты боп жүргін сен де жанында.



Пікірлер (1)

Эсмира

Маған осы өлең ұнады рахмет коп коп

Пікір қалдырыңыз

Ата-анаңды құрметте

  • 0
  • 3

Қаперіңде сақта ұлым,
Ата-анаңды ренжітпе.
Сыйлаған саған өмірді,
Ата-анаңды құрметте.

Толық

Әпке

  • 0
  • 16

Әпке деген атыңнан айналайын,
Қамқор болып жүрсің маған лайым.
Бақытты боп жүрейікші біз бірге,
Болса деймін әпкем жақсы сырласым.

Толық

Шүкір ет пендем барыңа

  • 0
  • 0

Біріміз алыс, біріміз жақын жүрсек те,
Сағынамыз сәл көрмесек көрсек те.
Шектеусіз уақыт тоқтамай жылжып жатады,
Жастық шақ кетіп, кәрілік келсе құрметте.

Толық

Қарап көріңіз