Жүрегім күт мені

Жүрегім неге ауырдың?!
Жырлар бар жазбаған қаншама,
Сырлар бар ашпаған баршаға.
Су ішкін бойыма тарағын,
Ем болып дұғам да жарағын.
Жүрегім неге ауырдың?!
Тастама кеудеңді ертерек,
Ауру қаш біздерден шеткерек.
Болды енді ұзаққа қинама,
Ауыр жүк талқан боп қирағын.
Жүрегім неге ауырдың?!
Орнасын Пейіштей тыныштық.
Тыныштық. Тыныштық. Бұл ыстық.
Біткен жоқ жұмысым бастаған,
Бастасам бітірмей тастаман.
Жүрегім күт мені иеңді,
Иең де бір саған сүйенді,
Ауырмай күшіңді жи енді,
ЖҮРЕГІМ
күт мені,
иеңді.

Басқа да өлеңдері

Жүрегі менен жүрегім

  • 0
  • 0

Бұл не сұрақ, мазалаған жанымды?
Бұл қандай күш, буырлатқан қанымды?
Түсініксіз беймаза келген бұл сұрақ
Кең маңдайға тағдырым қалай жазылды?

Толық

Пікірлер (1)

jumabike

Жүрегіңіздің нәзіктігі жазу стильіңізден-ақ көрініп тұр. Шабытыңыз шарықтай берсін!

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)